
Бұлттық технологиялар
Курс сипаттамасы:
Бұл курс заманауи цифрлық құралдарды меңгергісі келетін студенттерге арналған. Оқу барысында студенттер бұлттық технологиялармен жұмыс істеуді, бизнес пен білім беру салаларында олардың тиімділігін арттыру жолдарын, сондай-ақ Google қызметтерін қолдану дағдыларын дамытады. Курс құрылымы қарапайымнан күрделіге ауысып, әрбір бөлім бойынша теориялық және практикалық білім береді.
Курс мазмұны:
Бұлттық технологиялар
Бұл бөлімде студенттер бұлттық технологиялардың негізгі ұғымдарын, олардың артықшылықтарын және қолдану салаларын түсінеді. Сонымен қатар, мәліметтерді сақтау, бөлісу және қауіпсіздік әдістерін меңгереді.Іскерлік ортада бұлттық технологияларды қолдану
Бұлттық технологиялардың бизнестегі және іскерлік ортадағы рөлін зерттей отырып, тиімді жұмыс істеу жолдарын үйренесіз. Практикалық мысалдар арқылы дағдыларыңызды дамытасыз.Google Дискіде мәтіндік құжаттармен жұмыс жасау
Google Docs қызметінде мәтіндік құжаттар құру, өңдеу және ортақ пайдалану мүмкіндіктерін зерттейсіз.Google Дискіде кестелік құжаттармен жұмыс жасау
Google Sheets құралын пайдаланып, кестелер құру, деректерді талдау және автоматтандыру тәсілдерін үйренесіз.Google Презентация
Google Slides қызметін қолдану арқылы тартымды және кәсіби деңгейдегі презентациялар жасауды үйренесіз.Google Күнтізбе
Бұл бөлімде жеке және топтық жұмыстарды жоспарлауға арналған Google Calendar қызметін қолдану дағдыларын дамытасыз.Google Формамен практикалық жұмыс жасау
Сауалнамалар, тесттер және басқа да интерактивті құралдарды құру және талдау жолдарын үйренесіз.
Курс нәтижесі:
Курс соңында студенттер бұлттық технологиялар мен Google қызметтерін тиімді пайдалану арқылы жеке және кәсіби жобаларында жоғары нәтижеге қол жеткізе алады