
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Курстың сипаттамасы: Бұл курс Big Data ұғымын, оның артықшылықтарын, қиыншылықтарын және қолдану аясын үйренуге бағытталған. Студенттер Big Data-ның қазіргі заманғы бизнес пен экономиканың дамуындағы рөлін түсініп, нақты уақыт режимінде үлкен деректерді қалай талдауға болатынын біледі. Сондай-ақ, курс барысында «Цифрлы Қазақстан» және «Smart City» бағдарламаларының болашағы, олардың Қазақстандағы цифрлық трансформацияға әсері талқыланады. Курс соңында студенттер Big Data маманы болу үшін қандай білім мен дағдылар қажет екенін біліп шығады.
Курс кімдерге арналған:
- Цифрландыру және үлкен деректер тақырыбына қызығушылық танытқан адамдарға.
- Ақпараттық технологиялар, экономика, маркетинг, деректер талдауы және осы салалардағы мамандарға.
- Университет студенттері мен жаңа бастаушы IT мамандарына.
Курс нәтижелері: Курс барысында студенттер:
- Big Data терминін және оның негізгі сипаттамаларын түсінеді;
- Үлкен деректердің бизнес пен экономикада қалай қолданылатынын біледі;
- Нақты уақыттағы деректерді жинақтау және талдау әдістерін үйренеді;
- Қазақстандағы цифрландырудың болашағы мен мүмкіндіктерін талдайды;
- Big Data маманы болу үшін қажет білім мен дағдыларды игереді.
Бұл курс сізді деректер талдауындағы жаңа мүмкіндіктерге дайындайды және цифрлық трансформация дәуірінде бәсекеге қабілетті маман болуға көмектеседі.